Журнал
«Әлемдік медицинадағы ғылым мен тәжірибе» журналына мақалалар қабылдау туралы хабарландыру!!!
Құрметті әріптестер! «Әлемдік медицинадағы ғылым мен тәжірибе» халықаралық ғылыми журналы ғылыми мақалалар қабылданатынын ресми түрде хабарлайды. Журналдың негізгі мақсаты – медицинаның өзекті мәселелеріне арналған ғылыми зерттеулердің нәтижелерін, клиникалық тәжірибелерді және заманауи инновациялық тәсілдерді жариялау. «Әлемдік медицинадағы ғылым мен тәжірибе» журналы халықаралық ғылыми журналы Қазақстан Республикасында, ТМД елдерінде, сондай-ақ алыс және жақын шетелдерде таралады.
Мақала қабылдау талаптары
• Тақырыптық бағыты: медицина, денсаулық сақтау, фармация, қоғамдық денсаулық және медициналық білім беру.
• Қабылданатын тілдер: қазақ, орыс, ағылшын.
• Көлемі: 3–5 бет.
• Ресімдеу талабы: Times New Roman қарпі, 14 кегель, жоларалық интервал –1,5.
• Әдебиеттер тізімі APA стилінде рәсімделуі қажет.
Мақалаларды ұсыну тәртібі
• E-mail: Sharapataktobe@gmail.com
• Қабылдау мерзімі: әр айдың 25-іне дейін.
• Байланыс телефоны: 87778309393, 87002912617, 8 7757310664
Барлық әріптестерімізді ғылыми еңбектерін жариялауға шақырамыз. Журнал редакциясы жіберілген материалдарды алдын ала қарастырып, қабылдау немесе бас тарту жөнінде шешім қабылдайды.