Этические нормы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ, ТӘУЕЛСІЗ САРАПШЫЛАР МЕН АРДАГЕРЛЕРДІҢ «ШАРАПАТ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ
«Денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызметкерлердің, тәуелсіз сарапшылар мен ардагерлердің «ШАРАПАТ» қауымдастығы» РҚБ мүшелерінің
ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ
(ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКС)
БЕКІТІЛДІ
«ШАРАПАТ» РҚБ Басқармасының шешімімен
№ ___ хаттама « » __________ 20 ж.
__________ қ.
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Этикалық нормалар (бұдан әрі – Кодекс) «ШАРАПАТ» республикалық қоғамдық бірлестігінің (бұдан әрі – Қауымдастық) мүшелерінің азаматтар мен қоғам алдындағы моральдық және кәсіби жауапкершілігін айқындайды.
1.2. Кодекс Қауымдастықтың барлық мүшелері үшін, оның ішінде медициналық қызметкерлер, тәуелсіз сарапшылар және денсаулық сақтау саласының ардагерлері үшін міндетті болып табылады.
1.3. Кодекс Қауымдастықтың медициналық, сараптамалық, консультациялық, білім беру және қоғамдық қызметін жүзеге асыру кезінде қолданылады.
1.4. Қауымдастық мүшелері өз қызметінде
– осы Кодексті;
– Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін;
– Қазақстан Республикасының заңнамасын;
– медициналық этиканың жалпыға танылған қағидаттарын басшылыққа алады.
1.5. Қауымдастық мүшелері өз қызметінде төмендегі моральдық және этикалық қағидаттарды сақтауға міндетті:
осы Кодекс пен Ар-намыс кодексін басшылыққа алу;
Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын нығайтуға ықпал ету;
шешімдерді пациент пен қоғам мүддесінде қабылдау;
Қазақстан Республикасының медициналық қызметкері атағы мен Қауымдастық беделін түсіретін әрекеттерге жол бермеу;
кәсіби, сараптамалық және қоғамдық міндеттерді адал әрі сапалы орындау;
кәсіби білімін үздіксіз жетілдіру;
жеке пайда көздеп профилактика және емдеу әдістерін жарнамалауға жол бермеу;
кәсіби тәртіп пен іскерлік әдепті сақтау;
денсаулық сақтау ұйымдары мен Қауымдастық серіктестерінің мүлкіне ұқыпты қарау;
сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру;
қызметтік және сараптамалық ақпаратты жеке мақсатта пайдаланбау;
жеке үлгісімен ұжымда тұрақты әрі оң моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру;
әріптестер тарапынан Ар-намыс кодексінің бұзылуына жол бермеу және жолын кесу;
іскерлік сыртқы келбет пен жария кәсіби коммуникация нормаларын сақтау.
2. Медициналық қызметкер және қоғам
2.1. Қауымдастық мүшесінің қызметінің басты мақсаты – адам өмірін сақтау, аурулардың алдын алу, денсаулықты қалпына келтіру және жазылмайтын аурулар кезінде азапты жеңілдету, гуманизм мен мейірімділік қағидаттарына сүйене отырып әрекет ету.
2.2. Қауымдастық мүшесі қабылдаған кәсіби және сараптамалық шешімдері үшін жеке жауапкершілік көтереді және біліктілігін жүйелі түрде арттыруға міндетті.
2.3. Қызметте қолданылатын әдістер медициналық ғылымның дәлелді және қолдануға рұқсат етілген жетістіктеріне негізделуі тиіс.
2.4. Материалдық немесе жеке мүдделер кәсіби шешімдер мен сараптамалық қорытындыларға әсер етпеуі тиіс.
2.5. Медициналық көмек пен консультациялар кемсітусіз көрсетіледі.
2.6. Мамандарды оқытуға қатысатын Қауымдастық мүшелері кәсіби және этикалық мінез-құлықтың үлгісі болуы тиіс.
2.7. Қауымдастық мүшесі өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетін және заңды кәсіби мүдделерін қорғауға құқылы.
3. Медициналық қызметкер және пациент
3.1. Қауымдастық мүшесі көрсетілетін медициналық көмектің сапасына жауап береді және Қазақстан Республикасының заңнамасы мен қолданыстағы стандарттар шеңберінде әрекет етеді.
3.2. Негізгі қағидат – «Зиян келтірме».
3.3. Қауымдастық мүшесі пациенттің ақпараттандырылған ерікті келісім беру құқығын және шешім қабылдауға қатысуын құрметтейді.
3.4. Өзін-өзі жарнамалауға және жеке көзқарастарды пациентке таңуға жол берілмейді.
3.5. Қателік немесе асқыну болған жағдайда Қауымдастық мүшесі пациентті хабардар етіп, келтірілген зиянды азайту шараларын қабылдауға міндетті.
4. Дәрігерлік құпия
4.1. Қауымдастық мүшелері пациенттің медициналық көмекке жүгіну фактісін қоса алғанда, дәрігерлік құпияны пациент қайтыс болғаннан кейін де сақтауға міндетті.
4.2. Ақпаратты жария ету Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ғана жол беріледі.
4.3. Ғылыми және білім беру қызметінде дәрігерлік құпияны сақтау міндетті болып табылады.
5. Дәрігерлер арасындағы әріптестік
5.1. Қауымдастық мүшелері әріптестеріне құрметпен қарап, медициналық қауымдастықтың дәстүрлерін сақтауға және басқа мамандардың кәсіби беделіне нұқсан келтірмеуге міндетті.
5.2. Кәсіби сын тек дәлелді, сыпайы және әдепті түрде ғана рұқсат етіледі.
5.3. Күрделі клиникалық және сараптамалық жағдайларда алқалы талқылау мен өзара көмек құпталады.
6. Кодекстің қолданылу шегі және жауапкершілік
6.1. Осы Кодекс Қауымдастықтың барлық мүшелері үшін міндетті және Қауымдастық қызметінің барлық саласында қолданылады.
6.2. Кодекстің сақталуын бақылауды Басқарма шешімімен құрылған Қауымдастықтың Этикалық комиссиясы жүзеге асырады.
6.3. Кодексті бұзғаны үшін төмендегі ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін
ескерту;
сөгіс;
қатаң сөгіс;
мүшелікті уақытша тоқтату;
Қауымдастық мүшелігінен шығару.
6.4. Заңнама бұзылған жағдайда жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туындайды.
6.5. Кодекс ережелерін қайта қарау және түсіндіру Этикалық комиссиямен жүзеге асырылады және Басқарма бекітеді.
7. Қорытынды ережелер
7.1. Кодекс Қауымдастық Басқармасы бекіткен күннен бастап күшіне енеді.
7.2. Әрбір Қауымдастық мүшесі Кодекспен танысқанын және оны сақтауға міндеттенетінін растайды.
7.3. Кодекс Қауымдастықтың ресми ресурстарында (бар болған жағдайда) орналастырылады.
Қосымша 1
Этикалық кодекске
«ШАРАПАТ» РҚБ
Этикалық кодекспен танысқанын растау нысаны (ұжым үшін)
РОҚБ «Денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызметкерлердің, тәуелсіз сарапшылардың және ардагерлердің «ШАРАПАТ» қауымдастығы» ұйымында қызмет атқаратын барлық қызметкерлер және қызметін жүзеге асыратын тұлғалар РОҚБ «ШАРАПАТ»-тың Этикалық кодексімен танысқанын, оның ережелерін қабылдайтынын және РОҚБ «ШАРАПАТ» қызметіне қатысты еңбек, кәсіби, сараптамалық, білім беру және өзге де қызметті жүзеге асыру барысында аталған Этикалық кодексте белгіленген талаптар мен нормаларды сақтауға міндеттенетінін растайды.
Қолы________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Күні « » ______________ 20 ж.
Қосымша 2
Этикалық кодекспен танысқанын растау нысаны (ұжым үшін, жеке тұлғаға)
Тегі, аты, әкесінің аты (Т.А.Ә.)_________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
РОҚБ «Денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызметкерлердің, тәуелсіз сарапшылардың және ардагерлердің «ШАРАПАТ» қауымдастығы» ұйымында қызметін жүзеге асыра отырып, РОҚБ «ШАРАПАТ»-тың Этикалық кодексімен танысқанымды, оның ережелерін қабылдайтынымды және РОҚБ «ШАРАПАТ» қызметіне байланысты еңбек, кәсіби, сараптамалық, білім беру және өзге де қызметті жүзеге асыру барысында аталған Этикалық кодексте белгіленген талаптар мен нормаларды сақтауға міндеттенетінімді растаймын.
Қолы _____________________
Күні « » ______________ 20 ж.
Қосымша 3
«ШАРАПАТ» РҚБ Этикалық комиссиясы туралы ереже
Этикалық комиссия Қауымдастықтың тұрақты жұмыс істейтін консультативтік органы болып табылады.
Комиссия Қауымдастық Басқармасының шешімімен құрылады.
Комиссия осы Кодексті сақтау мәселелері бойынша өтініштерді, шағымдарды және өзге де материалдарды қарайды.
Комиссия шешімдері ұсынымдық сипатта болады және Қауымдастық Басқармасымен бекітіледі.